Бейнеу тұрғыны лото-клубты өртеп, ісін видеоға түсірген (ВИДЕО)

2760
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғыны қылмыс жасап өз ісін видеоға түсірген. Нақтырақ айтсақ, лото-клубты өртеген. Оқиға 3 ақпанда болған, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болды. Өзін камераға түсірген ер адамның айтуынша, "мұндай ойындар адамдар мен жастарды қызықтырады, құмарлық - ауру". Ол барлық қызметкерден өрт алдында ғимаратты босатуын сұрағанын айтты. Өйткені "ешкімге зиян тигізгісі келмеген".

"Оқиға орнына келген полиция жасағы ер адамды ұстады. 36 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Сондай-ақ, ол WhatsApp мессенджерінде Loto ойын клубына қалай от қоятынын көрсететін видео таратқанын айтты", - деді полиция қызметкері.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер