Президент Роман Скляр мен Алтай Көлгіновке бірқатар тапсырма берді

1469

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Президентке әлеуметтік нысандардың құрылысы, газбен қамту ісі, үлескерлік құрылыс нысандарының аяқталуы және инвестиция тарту мәселелері туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, тозығы жеткен ескі тұрғын үйлерді сүру және жаңа тұрғын үй алаптарын дамыту қажет екеніне назар аударды. Жұмыс орындарын ашу және жастарды қолдау мәселесі басым міндеттердің бірі ретінде атап өтілді.

Биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 3 еседен астам артқан. Биыл тағы да 40 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады және кемінде 16 мектеп салынады.

Сонымен қатар кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға және вакциналауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Президент елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket