Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алу үшін үміткерлердің құжаттары қабылдануда

5536

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялады.

Комплекстік тесттер 2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді.

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссияға келу үшін арнайы онлайн брондау қызметін пайдаланып, кезекке тіркелу керектігін хабарлаймыз.Құжаттар тізімі, брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа сұрақтар бойынша ақпаратты https://tk.nis.edu.kz/ сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен көруге болады.

Құжат қабылдау мекен-жайы: Талдықорған қ., Қаратал, 47
Телефон: 8 (7282) 40-00-51, 40-00-69
Веб-сайт: tk.nis.edu.kz

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket