СҚО-да ауыл әкімінің міндетін атқарушы қызметін тастап әскерге аттанды

2108
Adyrna.kz Telegram

СҚО-да ауыл әкімінің міндетін атқарушы 20 жастағы Асқар Жалғас әскери борышын өтеу үшін қызметінен кетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Ер адам Есіл ауданына қарасты Спасов ауылдық әкімдігінде жақсы жұмыс істегені үшін осындай жоғары лауазымға ие болған. Асқар Жалғас еш өкінбестен кабинетін казармаға ауыстырғанын айтады.

"Жақсы нәтиже көрсетіп, Спасов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалдым. Осы қызметке қарамастан, менде әрқашан әскерде қызмет етуге деген ынта-ықылас болды. Осы жерге, әуе қорғанысы күштеріне шақырылып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету отрядына, күзет ротасына түстім", - деді сарбаз.

Асқардың қызметі бір-екі айда аяқталады. Оны бұрынғы ауылдық округіне - бас маман қызметіне күтеді.

"Ол азаматтық борышын Отан алдындағы борышын өтеуді ұйғарды. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап оған әскери борышын өтеу мерзіміне ақысыз еңбек демалысы берілді. Осы күнге дейін жұмыс орнын сақтап қалды. Әскерден оралған соң қызметке кіріседі", - деді Есіл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Алмас Қоспанов.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер