Лондон: «Ресей Киевті алған соң уақытша үкіметті билікке отырғызбақ»

3842
Adyrna.kz Telegram

Кремль Украинада Раданың экс-депутаттарының бірінің жетекшілігімен Ресей Федерациясына адал үкімет құруды көздеп отыр.

Ресей билігі Украинаны «басып алған» жағдайда Киевте жаңа үкімет құруға дайындалып жатыр. Оны Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Евгений Мураев басқара алады. Бұл туралы 22 қаңтарда жарияланған Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасында айтылды.

«Бізде ресейлік үкіметтің Киевтегі ресейшіл көшбасшыны түрмеге қамауға ниетті екенін көрсететін ақпарат бар, сонымен бірге Украинаға басып кіріп, басып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Украинаның бұрынғы депутаты Евгений Мураев ықтимал кандидат ретінде қарастырылуда»,– деп жазды ведомство.

Ал Ұлыбритания СІМ басшысы Лиз Трасс жарияланған ақпараттардың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін жарияланған ақпарат Украинаны құлатуға бағытталған ресейлік іс-әрекеттің ауқымын ашады және Кремль не туралы ойлайтынын көруге мүмкіндік береді», - деді ол.

Сондай-ақ басшы Мәскеуді құлдыратуға күш салуға шақырды.

Өз кезегінде Ресей СІМ бұл мәлімдемені «арандатушы»және «жалған ақпарат» деп атады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер