Белсенді Дархан Уәлиев тергеу изоляторында тағы да соққыға жығылды - адвокат

5418
Adyrna.kz Telegram

Азаматтық белсенді Дархан Уәлиевтің адвокаты Жанар Балғабаева Азаттық радиосындағы әріптестеріне оның тергеу изоляторында соққыға жығылғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" сайты.

Бұған дейін Уәлиев Алматыдағы «жаппай тәртіпсіздік» ісінің тергеуіне байланысты қамауға алынған болатын.

Тергеу үстіндегі адамды азаптау және қатыгездік көрсету туралы туыстарынан арыз түскені туралы ақпаратты кезекші прокурор Азамат Құрманов растады.

Айта кетейік, бұған дейін белсендінің ПД-ның уақытша ұстау изоляторында 12 сағат бойы соққыға жығылғаны туралы ақпаратты Уәлиевтің әйелі хабарлаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер