Иманғали Тасмағамбетовтың қызы мен күйеу баласы “Қазақстан халқына” 1 млрд теңге аударады

22746
Adyrna.kz Telegram

«Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушылары Кеңес Рақышев пен оның жұбайы Әсел Тасмағамбетова «Қазақстан халқына» қорына 1 миллиард теңге аударады, деп хабарлайды қайырымдылық қордың баспасөз қызметі. 

Қор мәліметіне сүйенсек, 1 млрд теңге аударудағы басты мақсат қиын сәтте ел алдынан табылып, көмек қолын созу. Соңғы жағдайларға байланысты зардап шеккен адамдарға, кәсіпкерлерге көмек ретінде қарастырылған.
«Біз ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан халқын қолдау туралы бастамасын қолдадық. Бұл жағдайда КЕҰ мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі — бұл Қазақстан халқының әл-ауқаты, өз елінің болашағы үшін тікелей жауапкершілік» деп мәлімдеді Кеңес Рақышев.
”Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер