Нығматулин мен Давид Кемертелидзе «Қазақстан халқына» 1 млрд теңге аударды

2057
Adyrna.kz Telegram

YDD Corporation және Asia FerroAlloys (бұрынғы Qaz Carbon) компанияларының акционерлері Ерлан Нығматулин мен Давид Кемертелидзе «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына 1 миллиард теңге аударды, деп хабарлайды “Адырна” ұлтық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдай отырып, YDD Corporation және Asia FerroAlloys компанияларының инвесторлары Ерлан Нығматулин мен Давид Кемертелидзе қаражаты әлеуметтік жобаларға, ең алдымен денсаулық сақтау және білім беру салаларына арналған осы қорға 1 миллиард теңге аудару туралы шешім қабылдады.

Компаниялардың қызмет етуінің басынан бастап олардың аса маңызды бағдары болып табылатын қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау алдағы уақытта да басымдық болып қала береді.

Еске салсақ, бұған дейін Kaspi.kz және компанияның тең құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе қорға 10 миллиард теңге аударады.

“Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер