ҰҚК: "Кәрім Мәсімовтің екі орынбасары ұсталды"

6087
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Бүгінгі күні бұл іс бойынша тергеу жалғасуда.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер