Карантиннің адамзатқа тигізген пайдалары қандай?

3417
Adyrna.kz Telegram

 

Сіздер карантиннің адамзатқа тигізген пайдаларын білесіз бе!
Карантин белгілі адамдар үшін мол сәттіліктер алып келгені жөнінде хабардарсыздар ма?
Ендеше бізбен болыңыздар!
1593 жылы Санитарлық-эпидемиологиялық себептерге байланысты Англияда театрлар жабыла бастайды. Осы жылы карантинде Шекспир "Венера мен Адонисті" жазып шықты. Ал 1606 жылы театрлар бір жыл бойы жұмыс жасамаған уақытта, ол "Король Лир", "Магбет", "Антоний мен Клеопатра" туындыларын жазып шықты.
1665-66 жылдары бубон обасының эпидемиясы басталғанда, Исаак Нюьтон Кэмбридж университетінің студенті еді. Сол жылы дәл бүгінгідей барлық оқу орындары жабылып, жас Ньютон Ликнольнширдегі отбасына оралады. Дәл осы жерде әлемді өзгерткен алмаға зер салады, тартылыс күші жайлы теориясын жасайды. Жарықтың жұтылуына қатысты да көптеген ойлар түйіп, оптиканы зерттеуді бастайды. Тарихшылар Ньютонның карантинде өткізген жылын ғажайып жыл (Annus mirabilis) деп атап кеткен.
Пушкин Болдин елдімекенінде болған кезінде, тырысқақ ауруына байланысты карантин жарияланады. Ешқайда шыға алмаған ақыт осы уақытта "Маленькие трагедии", "Повести Белкина" шығармаларын жазады, "Евгений Онегинді" аяқтайды, "Бесы" ("Мчатся тучи, вьются тучи...") және басқа да отызға жуық өлеңдер шығарады. "Сказка о попе и работнике его Балде" ертегісі де Болдинде жазылған.
Құрметті тыңдарман, карантин уақыты көп мүмкіндіктер туғызатынан естен шығармайық.
Сіз карантинде не істей алдыңыз?

 

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры

 

Пікірлер