Атырауда 10 жастағы бала тоққа түсіп, мерт болды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "ATPress.kz" басылымына сілтеме жасап.
Жазатайым оқиға кеше, 30 қазанда болған. Атырау облысы полиция департаменті өкілдерінің алдын ала ақпараты бойынша, 2011 жылғы бала ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына тығылған. Содан балаға тоқ ұрған. Бұл туралы полицияға баланың әжесі хабарлаған.
"Жедел жәрдем пультіне қоңырау сағат 14.45-те түсті. Бригада оқиға орнына 14.51-де жетті. Бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Оның денесінен жарақаттар анықталмады. Мәйіт сараптамаға жіберілді. Аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатыр", - делінген ПД хабарламасында.
"Адырна" ұлттық порталы.