Түркістанда ÁMEN анимациялық фильмдер фестивалі басталды

2513
Adyrna.kz Telegram

Түркістанда халықаралық ÁMEN анимациялық фильмдер фестивалі басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Байқауға Әзербайжан, Башқұртстан (РФ), Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан (РФ), Тәжікстан мен Түркиядан барлығы 57 өтінім келіп түсіп, оның 49-ы іріктеуден өткен.

Айта кетейік, шара үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Оның ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, Мәжіліс депутаты, ақын Мақпал Тәжмағамбетова, ардагер режиссер-мультипликатор Тамара Мұқанова, «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты Басқарма Төрағасының орынбасары Аманбек Төлепбергенов, Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысты. Сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерден, еліміздің түкпір-түкпірінен анимация мамандары жиналды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер