Еліміздің заманауи суретшілері Алматы қаласында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шеберлік дәрістері мен семинарларды өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шара 1 қазан мен 29 қараша аралығында болады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қазақстандағы заманауи өнерді қолдау жобасы аясында Qazaqstan Oneri, Lotte Rakhat және Art Future Art Residence есігін ашады.
«Лотте Рахат» АҚ маркетинг жөніндегі директоры Әсел Мақұлбекова бұл жобаның «Lotte Rakhat» кондитерлік брендінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Рахат» компаниясы тәуелсіз Қазақстанда отыз жылдан бері жұмыс істеп келеді. Qazaqstan Oneri жобасының мақсаты – балаларды өнер әлеміне баулу, жас авторлардың көркем туындыларын жүзеге асыруды қолдау. Екінші жағынан, тұтынушыларды сапалы өніммен қуанту. Біз жастардың шығармашылық потенциалын әртүрлі салаларда көтеріп, оларды үнемі қолдауға тырысамыз»,– деді ол.
Айта кетейік, жобаға 30 бала қатысып, көркемдік шеберлік дәрістерін тегін өтпек.
«Адырна» ұлттық порталы