Алматы облысында қар жауды

4230
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының Райымбек және Кеген аудандарында қар жауды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақ ұлпа әсіресе Кеген асуына 2 см-ге дейін түскен. Соның салдарынан жаздық дөңгелекпен жүрген көліктер тайғанап, жол жүру қиындаған.

Синоптиктердің хабарлауынша, қазанның бірінші онкүндігінде солтүстік-батыс антициклонның батыс өңірлерге басып кіруі, ауа температурасының түнде 1-3 градус аязға дейін, күндіз +10+15°С дейін төмендеуіне алып келеді.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде -5+5°С-тан -1-8°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан 0,+5°С-қа дейін төмендейді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Пікірлер