Абай ауданындағы 17 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

2977
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында көлік жолдары 3 247 шақырымды құрайды. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде 9,1 шақырымдық жол, яғни 17 көше Абай ауданының аумағында орналасқан. Атап айтқанда:
А.Баққараев,
Арын қожа,
Ж.Ахметов,
Е.Алтынбекұлы,
О.Оралбайұлы,
№1 өткел көшелері,
М.Әуезов,
Қ.Бақбаев,
Б.Алпысбаев,
Б.Саттарханов,
Бейбітшілік,
№1, №2, №3, №4,
Орталық,
Агропром көшелері кіреді.

Аталған жұмыстардың мердігері – «Шымкент Дор Строй» ЖШС, ал техникалық жобалаушы болып «Жобақұрылыс орталығы» ЖШС бекітілген.

Қазіргі уақытта 80 пайызға жуық жұмыстар атқарылған. Барлық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Пікірлер