Дәулет Ниязбеков алғашқы айналымда жеңіске жетті

2926
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/ce8da020-c574-44d3-93c5-7554c48b9842.jpeg
Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының алғашқы айналымында жеңіске жетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Ниязбеков ширек финал жолдамасын кубалық Энрике Вальдеспен сарапқа салды. Қазақстандық балуан жеңіліп жатып, қарсыласынан 21:11 есебімен басым түсті. 32 жастағы тәжірибелі Дәулет Ниязбеков - Қызылорда облысының тумасы. Үш дүркін Азия чемпионы. Ал 2011 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль еншілеген.
Комментарии