Қазақтың аяулы азаматынан, ардақты ақсақалынан айырылып қалыппыз - Ерлан Қарин

128
Adyrna.kz Telegram
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ғалым Мекемтас Мырзахметұлының қазасына қатысты көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Кеше әдебиет әлеміндегі алып бәйтеректің құлағанын естіп, көңіл айтып едік, бүгін де қазақтың аяулы азаматынан, ардақты ақсақалынан айырылып қалыппыз.
Алаштың ақылгөй абызы, Абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды. Қара жамылған халыққа, марқұмның әулеті мен туған-туысына қайғырып көңіл айтамын. Саналы ғұмырын қазақ әдебиеттану ғылымы мен ұлт руханиятының дамуына арнаған ғұлама ғалымның мол мұрасы ел игілігіне қызмет ете беретініне кәміл сенемін. Ағамыздың иманы жолдас болсын. Пейіште нұры шалқып, ұрпағына өмір берсін", - деп жазды Ерлан Қарин.
Пікірлер