Бокстан Будва (Черногория) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Өнер Сейілхан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
71 келіде өнер көрсететін отандасымыз финалдық айқаста ресейлік Алексей Гуковтан 5:0 есебімен басым түсті.
Біріншілік барысында спортшы Беларусь (5:0), Пәкістан (5:0), Албания (5:0) және Өзбекстан (4:1) боксшыларымен кездескен болатын.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл әлем чемпионатында 6 алтын, 1 күміс, 10 қола жүлде еншіледі.