Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді

986
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді. Бұл туралы бүгін, 21 қазанда Су ресурстары және ирригация министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді. Айта кетейік, биыл өңірдің диқандары 55 мың гектар күріш алқабында су үнемдеу технологияларын қолданды. Ал Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының жалпы ауданы —84 мың гектар»,—деді министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2024 жылғы суару маусымында теңізге шамамен 1 млрд текше метр су жіберілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард текше метрге жетті.

Пікірлер