2024 жылғы 18 қазанда Президент Айдос Рысбаевты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
“Мемлекет басшысының жарлығымен Рысбаев Айдос Какашаұлы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – деп мәлімдеді Ақорда өз хабарламасында.
Айдос Рысбаев Астана полиция департаментінде түрлі жетекші лауазымдар атқарды, 2019 жылы Астана полиция департаментінің бастығы қызметін, 2021 жылы ол ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған. Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін 2023 жылдың қарашасынан бері орындап келген.