Шымкенттік студент қару ұстаған қылмыскерді тоқтатты

1449
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Шымкент қаласында ломбардты тонамақ болған қарулы ұрыны студент тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Рысқұлов көшесінде орналасқан ломбардтардын бірінде медициналық маска киіп алған белгісіз тұлға қолына тапаншаға ұқсас затпен ломбард қызметкерлерін қорқытып, ақша алмақ болған. Ол ломбард қызметкерінен 100 мың теңге қаражат талап еткен.

Ломбард ішінде тұрған 18 жастағы жігіт дереу шешім қабылдап, қылмыскердің қолынан тапаншаны алуға тырысады. Кейіннен ол қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында құқықбұзушыны тәртіп сақшылар келгенше ұстап алған.

«Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Тілеуов Нұржан өз кезегінде жас жігіттің танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады», - делінген ПД хабарламасында.

Пікірлер