Мемлекет басшысы өткен жылы 1 қыркүйекте халыққа Жолдау жасап, бірқатар маңызды жұмыстар туралы бөліскен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан:
«Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды. Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек», - деген болатын.
Жолдау аясында коммерциялық объектілер бойынша энергия тұтыну нормативтері бұйрығының жобасы әзірленді. Ал оны қабылдау коммерциялық кәсіпорындар үшін белгіленген нормативтерді сақтау үшін объектілерді жаңғыртуды жүргізуге ынталандырушы әсер етеді.