"Ұрып-соғып өлтіру сәнге айналған сияқты". Тағы бір әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

1726
Adyrna.kz Telegram
Фото: НеМолчи КЗ қорынан
Фото: НеМолчи КЗ қорынан

Алматыда ер адам әйелін өлтірген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Немолчи" қорына сілтеп.

Қайңылы оқиға "Асылтау" тұрғын үй кешендерінің бірінде болыпты. Оны 17 тамызға қараған түні "НеМолчиKZ" қорына біреу хабарлаған.

Әйел ғимараттағы 14-15 қабаттарды жинап, тазалықшы болып жұмыс істеп жүрген көрінеді. Сол сәтте оны күйеуі сабап тастаған. Артынша сағат 17:00-де тұрғын үй кешенінде полиция мен жедел жәрдем келді.

"Біздің Алматыдағы тұрғын үй кешенінде тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді. Бұл сұмдық. Біздің елде әйелін ұрып-соғып өлтіру сәнге айналған сияқты. Қылмыскерді қолға түсірген секілді. Әйелдің бір қызы бар, жасы 45-те еді. Мен оны күнде көретінмін, сондай ұқыпты еді. Екі үйдегі 14-15 қабатқа дейін тап-таза етіп, жинап шығатын”, – деп жазды тұрғындардың бірі.

Алматы Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді.

“Алматы Полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деді Полиция департаменті.

Пікірлер