АЛМАС ЖҮНІСБАЙ: Біз болсақ отырмыз, жалғыз алтынымызды құшақтап...

1480
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Фото: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Жыр болған Париж Олимпиадасы аяқталды, алда жабылу рәсімі күтіп тұр.

Олимпиада бітерде қызық жағдай орын алды. Жеңіл атлетиканың биіктікте секіру сайысы нағыз драмаға айналды. Төрт жыл бұрын бұл спорттың түрінде италиялық Джанмарко Тамбери мен қатарлық Мутазз Баршим мықтыны анықтай алмай, екеуі де алтын алған еді. Екеуі Парижге қайтадан келді.

Жарыстың басталуына 3 күн қалғанда Тамберидің бүйрегі сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды. Дәрігерлер оған тыйым салса да, бәрібір ол жақтан қашып шығып, іріктеуге қатысып, финалға жолдама алды. Финалға бір күн қалғанда бүйрегі тағы асқынып, тағы да ауруханаға түсті, қайттан қашып шығып, қанша секірсе де, ойнап тұрып бағындыратын межені ала алмай, сол жерде құлап, жасына ерік берді.

Басты фаворит жарыстан шыққан кезде, сол қатарлық Мутазз алтын алады деп бәрі күтті. Бірақ ол бірнеше мүмкіндіктерін сәтсіз орындап, америкалық Шелби Макьюэн және жаңа зеландиялық Хэмиш Керрге жол беріп қойды.

Содан мына екеуі кезек-кезек секірсе де, мықтыны анықтай алмады. Екеуінің нәтижелері тепе-тең. Сонда ұйымдастырушылар Токиодағыдай екеуіне де алтын бермекші болғанда, Хэмиш оған келіскенмен, жап-жас Шелби бой бермеді. Содан суперфинал басталды. Ары секіреді, бері секіреді, таяқша құлай береді. Бір кезде Керрдің бағы жанып, 2,38 метр биіктікті бағындырып, стадионды айналып жүгіріп кетеді. Шелби болса АҚШ-тың туын алып, күміске де қанағат деп отырып қалады.

Қызықтың көкесі сол кезде басталды. Ол кезде АҚШ пен Қытай жалпы есепте бірінші орын үшін таласып жатты. Жалпы медаль саны бойынша АҚШ алда тұрғанмен, Қытайдың бір алтыны артық. Бұдан кейінгі жарыстарда алтын ала алмайтын шығармыз деп, АҚШ жанкүйерлері Шелбиді қарғап, табалап, боқтады. Өй, ақымақ, беріп тұрған алтыннан кім бас тартады, сенің кесірінен біз Қытайды қуып жете алмайтын болдық. Шелбиге айтпаған сөз қалмады. Сұмдық хейт. Өкініп жүрген атлеттің қайта жолы болды, АҚШ тағы үш алтын алып, ақыры Қытайды жалпы есепте алтын саны бойынша қуып жетті (40-40). Ол болмағанда, Шелбиге күн көрсетпейтін еді. Бірақ, АҚШ Қытайдан оза алмады, алтындары тең, Шелбидің амбициясы болмаса, АҚШ таза бірінші орын алатын еді))

Ал, Джанмарко Тамбери осы Олимпиаданың бас қаһармандардың біріне айналды.

Жанкүйер деген қатыгез халық қой, үмітін ақтамасаң, аямайды, таптап тастайды. Үш күннен кейін түк болмағандай, басқаларды хейтить етіп жүре береді))

Біз болсақ отырмыз, жалғыз алтынымызды құшақтап, оны алып берген жігітті сөз қылудан шаршамай. Ол да сөйлеп қалған палуан екен, бас хейтке жауап бере береді, тоқтамай)

 

Almas Junisbay

 

 

 

Пікірлер