Ұлытауда жаяу жүргіншілер жолағынан екі баласымен бірге өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті

2002
Adyrna.kz Telegram

Ұлытау облысы, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының арасындағы тас жолда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп  өтіп бара жатқан әйел мен екі баласын көлік қағып кетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жаяу жүргіншілерді «Дача» кооперативі «Восток» аялдамасының жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен. Жолдың бұл бөлігі екі қаланы байланыстырады және көліктердің жүрісі  қарбалас қалыпта жылжиды. Әйел 3 жасар ұлының қолынан ұстап жолдан өтіп бара жатқан. Оның жанында жаңа туған нәресте де болды. Оларды 36 жастағы жүргізуші қағып кеткен.

Оқиға салдарынан 3 жасар бала алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Анасы мен кішкентай сәби ауыр жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды.

«Осы факті бойынша балалы әйелді қағып кеткен көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына жеткізілді», - деді Ұлытау облыстық полициясының баспасөз қызметі.

Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен жылдамдықты қатаң сақтауға шақырды.

Пікірлер