Елімізде 1,5 миллион теңге кімдерге беріледі?

1852
Adyrna.kz Telegram
Сурет: zakon.kz
Сурет: zakon.kz

15 шілдеде бизнес идеяларды іске асыру үшін гранттарға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

1 476 800 теңге көлемінде грант алуға өтінім қабылдау басталады. Business.enbek.kz порталында республика бойынша екінші лекте 4 655 адамға грант беру жоспарланып отыр.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, негізгі мақсаты - жаңа бизнесті бастау және дамыту.  Өтінім беру үшін:
  • аталмыш порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  • бизнес жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Ал жаңа бизнес идеяны іске асыруға грант алуға мына адамдар үміткер бола алады:

  • тіркелген жұмыссыздар;
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Жобаға үміткерлер әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қандас мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар
  • аз қамтылған отбасы мүшелері;
  • көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Пікірлер