Қазақ-өзбек шекарасында адамдардың көптеп жиналуы байқалады

988
Adyrna.kz Telegram
Фото: rusdialog.ru
Фото: rusdialog.ru

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында адамдар мен көліктердің жиналу себебін түсіндірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ҰҚК Шекара қызметі 31 мамырда Өзбекстан Республикасымен шекарадағы «Жібек жолы» өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының мезгіл-мезгіл жиналуы байқалатынын хабарлайды. Бұл іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» өткізу пунктінде жол төсемінің салынуы мен кеңейтілінуіне байланысты болып отыр.

Сондай-ақ қазіргі уақытта «Қапланбек» өткізу пунктінің жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын жеткіземіз.

Өз кезегінде «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінде жүргізіліп жатқан реконструкция себебінен адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелген»,—делінген хабарламада.

Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Пікірлер