«ҚазМұнайГаз» АҚ жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

770
Adyrna.kz Telegram

Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«28 мамырда өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (AGSM ҚМГ) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып Асхат Ғалымұлы Хасенов тағайындалды», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

Хасенов 2022-2024 жылдары «ҚазМұнайГазға» тағайындалғанға дейін Энергетика вице-министрі болған, одан бұрын, 2019 жылдан бастап «KLPE» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған, ал оған дейін 2011-2019 жылдары мұнай және газ министрлігінде мемлекеттік инспекция және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның рұқсат беру комитеті департаментін, одан кейін мұнай-химия және техникалық реттеу департаментін басқарды.

Айта кетейік, Хасеновтің тағайындалуы Маңғыстау облысында, оның ішінде ішкі істер департаменті басшылығында жүргізілген «кадрлық тазарту» ақпараты тарағаннан кейін орын алды.

Пікірлер