5 млрд теңге. Елде өртке қарсы күрес шаралары басталды

725
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Елімізде өрт қаупі жоғары маусым басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің барлық аймағында өртке қарсы бақылау жұмыстары күшейтілгенін мәлімдеді. Министрлік алдағы аптап ыстыққа қосымша жаңа техникалар алынып, қауіпті аймақтар әуеден бақыланып жатқанын атап өтті.

"2001, 1994 жылғы нақты деректерге жүргізілген талдау ескерілді. Осылайша, мамыр және жаз айларында республиканың басым бөлігінде өрт қаупінің жоғары және төтенше дәрежесі болжанды. Тағы бақыланады. Қауіп төнген жағдайда ескерту жарияланады", - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.

Айта кетейік, 2023-2027 жылдар аралығындағы өртке қарсы күрес шараларына бюджеттен 68 мллиард теңгеден аса қаражат бөлінген.

Ал былтыр өртке қарсы шараларға 13 миллиард жұмсалған, биыл 5 миллиард теңгесі жаратылмақ.

Пікірлер