Олимпиаданы мақсат тұту

1015
Adyrna.kz Telegram

Жас қазақстандық тау шаңғышысы Александра Скороходова 2023-2024 жж. маусымында 26.26 FIS-поинт жинады, және де бұл қазақстандық тау шаңғышыларының халықаралық старттарға қатысутарихындағы ең үздік көрсеткіш. Біздің тілшіміз таушаңғылық маусымның қорытындысы бойынша Александраға бірнеше сұрақ қоя алды.

-Александра, FIS-поинт дегеніміз не және олар не беретінін айтып беріңізші?

-FIS-поинт - бұл әрбір FIS-стартының нәтижелерібойынша шаңғышы-спортшыларға берілетін ұпайлар. Арнайы ережелер бар, олардың негізінде поинттардыңсаны анықталады: беделді жарыстарда алынған орыннеғұрлым жоғары болса, соғұрлым сенің FIS-поинттарыңаз болады. Бұл өз кезегінде келесі жарыстардың бастапқыхаттамасындағы нөмірге әсер етеді. Ертерек бастасаң трасса әлі бұзылмағаны және жақсы уақытты көрсетумүмкіндігі көбірек екені анық. Ал біздің спорттағы уақытсекундтардың жүзден бір бөлігімен өлшенеді. Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында, өкінішке орай, қола медаль алу үшін 40 секундтың жүзденбір бөлігі жетпей қалды.

-Сіз осындай жоғары FIS-поинттерге қалай қолжеткіздіңіз? Қандай жарыстарда өнер көрсеттіңіз, қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз?

-Маусым ішінде мен 15-тен астам халықаралық FIS-стартқа қатыстым.

Италия, Швейцария, Австрия сияқты еуропалық тау шаңғылы елдерінің салмақты қарсыластарымен жүлделіорындарға күресе алдым. Италиядағы Тemu NJR Слалом -Алыбында 1-ші орын, Италиядағы Val Casies FIS Слаломында 1–ші орын, Италиядағы Val Casies NJR Слаломында 1-ші орын, Австриядағы Weinebene FIS Слаломында 2-ші орын, Италиядағы Tesido NJC Слаломында 3-ші орын алдым. Жасөспірімдер Олимпиада Ойындарының қорытындысы бойынша 18 жастағыәлемдегі ең мықты ТОП-10 спортшының қатарына кіреалдым. Сондай-ақ, супер-алып және альпілік комбинация пәндерінен Қазақстан чемпионатын жеңіп алдым. Жүлделі орындар маған осындай FIS-поинттар алуғамүмкіндік берді. Мен Қазақстанның туы Халықаралық тау шаңғылы FIS-старттарының хаттамаларына қайтаоралғанын мақтан тұтамын.

Осының бәріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, «Самұрық-Қазына» қорының, ҚР шаңғыспорты түрлері қауымдастығының, ҚР тау шаңғы спорты федерациясының және Kronplatz командасының үлкенатқарған жұмыстары мен қолдауының арқасында қолжеткізілді. Оларға көп рақмет!

- Сіз өзіңізге жаңа маусымға қандай міндеттерқоясыз?

- Осы маусымның қорытындысы бойынша мені APEX Халықаралық тау шаңғысы академиясына шақырды - бұл менің кәсіби дайындығымдағы жаңа қадам. Apex - бұл Францияның Тин қаласындағы кәсіби тау шаңғышыларының шеберлігін арттыруға арналғанакадемия, оның мақсаты - Әлем кубогы мен Олимпиада деңгейіндегі шаңғышыларды даярлау. Академия шығындардың бір бөлігін өз мойнына алуға дайынекендігі өте қуантады, себебі ол жас перспективтіспортшылармен жұмыс істеуге мүдделі.

Жаңа маусымның негізгі старты - ТуриндегіУниверсиада және, әрине, Қытайда, Харбинде соңғы сегізжылда алғаш рет өтетін Қысқы Азия ойындары. Азия ойындары Олимпиададан кейінгі мәртебесі бойынша екінші орында, сондықтан бүкіл жаттығу процесі дәл солжерде жүлделі орындарды жеңіп алуға бағытталатын болады. Сәйкесінше, осы уақытта өтетін әлемчемпионатына бармаймын.

Ал 2026 жылы ең маңызды старттар күтіп тұр -Италияда Кортина-д'Ампеццодағы Қысқы Олимпиада ойындары!

-  Қазақстанның тау шаңғышылары үшін бұл ойындар ерекше болады деп айтылуда?

-  Ойындар Қазақстан үшін ғана емес, мен үшін де символикалық болады. Ойындар Кортина-д'Ампеццодаөтеді, дәл сол жерде 1956 жылы VII Қысқы Олимпиада ойындары өткен болатын, енді тура 70 жылдан соң қайта өтеді. Қысқы Олимпиада ойындарына сол кездегі КСРО құрамасы қатысып, оның құрамында Қазақстаннан келгентау шаңғышысы, оның да аты Александра - аты аңызғаайналған қазақ тау шаңғышысы Александра Ивановна Артеменко, 11 ел чемпиондарын тәрбиелеген КСРО-ның12 дүркін чемпионы.

- Иә, өте символикалық! Бұл шын мәнінде Қазақстанныңспорт тарихының тамаша беті.

-  Менде кітап авторларының бірі және Александра Ивановнаның досы Майя Иосифовна Елисеева сыйғатартқан «Тау иесі» атты кітап бар. Александра Ивановнаның құрметіне 2001 жылдан бастап«А.Артеменко сыйлығы» жарысы өткізіліп тұрады, оғанмен де қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен Майя Иосифовнағаосы жарыстарды ұйымдастырып, өткізгені үшін және атыаңызға айналған тау шаңғышысы туралы есте сақтағаныүшін алғыс пен таңданыс білдіргім келеді! Александра Ивановна Артеменко бастаған олимпиадалық эстафетаныжалғастыру мен үшін үлкен жауапкершілік және үлкенмәртебе.

- Александра, сұхбат үшін рахмет! Сізге жаңа маусымда сәттілік тілейміз.

Пікірлер