Мемлекет басшысы Kaspi.kz құрылтайшыларын қабылдады

2006
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының тең құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Kaspi.kz қызметінің нәтижелері мен даму перспективалары туралы баяндалды.

Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа Kaspi.kz сайтының АҚШ-тағы NASDAQ биржасында сәтті IPO-ға өткені туралы айтып берді. Бұл биржада Apple, Amazon, Google және басқа да көптеген әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың акцияларының тізімі берілген.

Мемлекет басшысы Kaspi.kz құрылтайшыларын осы жетістігімен құттықтады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Вячеслав Киммен және Михаил Ломтадземен елімізге әлемнің жетекші инвесторларын одан да көп тарту үшін инвестициялық ахуалды жақсарту перспективаларын талқылады.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер