Президент папамен кездеседі

1176
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ватиканға барады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Италияға келді. Рим әуежайында Қазақстан Президентін Италияның Қорғаныс министрі Гидо Кросетто мен Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Пандуста Құрмет қарауылының ротасы сапқа тұрды», - делінген сәрсенбі күні хабарламада.

Бүгін, 18 қаңтарда Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелламен және премьер-министр Джорджия Мелонимен келіссөздер өткізеді.

Сол күні Мемлекет басшысы «Қазақстан – Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және итальяндық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізеді.

«19 қаңтарда Қазақстан көшбасшысы Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездесу өткізеді», - деп толықтырды Ақорда.

Пікірлер