Мексикада жойқын дауылдан 39 адам көз жұмып, төтенше жағдай жарияланды

1124
Adyrna.kz Telegram
кадрдан алынған
кадрдан алынған

Мексикадағы Отис дауылынан 39 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мексиканың Герреро штатында болған Отис дауылының жойқын күшінен қаза тапқандар саны артуда.
Мексиканың Қоғамдық қауіпсіздік министрі Роса Исела Родригес табиғи апаттан көз жұмғандар суға батып, тұншығып қалған деп болжап отыр.

Қазір Олар әлі анықталған жоқ. Тағы он адам іздестірілуде.

Геррероға 14 мыңға жуық жедел жәрдем қызметкерлері жіберілді. Билік Акапулько әуежайының жұмысын қалпына келтіріп, аймаққа дәрігерлер мен медициналық тауарларды әкеліп, туристерді тасымалдау жұмысын бастаған.

Елде төтенше жағдай режимі жарияланды

Пікірлер