Той жасау үшін несие беруге шектеу қойыла ма?

2090
Adyrna.kz Telegram
фото: Мұра - Наследие KZ
фото: Мұра - Наследие KZ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы қазақстандықтардың тойға несие алуына заңнамалық деңгейде тыйым салуға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы

«Біз конституциямен адамдардың құқықтарын шектей алмаймыз. Ең алдымен, қарыз алушының төлем қабілеттілігін дұрыс бағалау керек. Егер ол несие алса, стандарт бойынша оның ай сайынғы төлемдері кірісінің 50 пайызынан аспауы керек», - дейді агенттік төрағасы.

Сонымен қатар қарыз алушы үшін жалпы қарыздық жүктеме коэффициенті енгізілмекші. Ол ай сайынғы төлемнің қанша екенін ғана емес, кіріске қатысты қарыздың жалпы сомасын да қамтамасыз етеді.

«300 мың теңге жалақы алатындар үшін ай сайынғы төлем 150 мың теңгеден аспауы керек. Қазір есептеулер жүргізілуде. Мысалы, жалақы 300 мың теңгеден алсаңыз, онда барлық қаржы ұйымдарына берешек болуы мүмкін қарыздың ең жоғары мөлшері 1 800 000 теңгеден аспауы керек», – дейді төраға.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер