Полицей түскі үзілісте формасымен қалыңдығына құда түсіп барған

2780
Adyrna.kz Telegram
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Шу қаласында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы түскі үзіліс уақытында қалыңдығына құда түсуге барып үлгерген. Бұл жоралғыға ол полиция формасын киіп барған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Осындай ерекше күнде форма киіп бару — мен үшін үлкен мәртебе болды, өйткені бала кезімнен полиция қызметкері болуды армандадым. Бұл күн біздің жадымызда мәңгі қалатыны сөзсіз, болашақта балаларыма осы тарихи сәтті мақтанышпен көрсетемін», — дейді жас офицер.

Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асхат Алметовтың айтуынша, лейтенант Мамедов өзінің түскі үзілісін пайдаланғандықтан ешқандай заң бұзу фактісі болмаған.

«Қызмет етіп жүргеніне аз ғана уақыт болғанына қарамастан учаскелік инспектор жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындайды. Ол бүгінде әріптестерінің құрметіне және өзіне бекітілген әкімшілік аумақ тұрғындарының сеніміне ие болды», — дейді Асхат Алметов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер