«Көзіңе көк шыбын үймелетем». Жолды сынаған журналист қысымға ұшырағанын айтты

2335
Adyrna.kz Telegram
фото: Диас Нұрақынның фейсбук парақшасынан
фото: Диас Нұрақынның фейсбук парақшасынан

Алматы-Шелек бағытындағы жолды пенопласпен жамап қойғанын сынаған журналист Диас Нұрақын қысымға ұшыраған. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«ҚазАвтоЖолдың» былығын ашып едім жан-жақтан талап жатыр. Тіпті угроза жасауға көшті. Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының учаске басшысымын деген біреу «кешірім сұра!» деп дікеңдеуде. Мехмет Шахин деген жігіт «көзіңе көк шыбын үймелетемін» дейді. Тіпті бетонкадағы пенопластты алып тастағаным үшін бұдан былай осы жолдың күтімі сенің мойныңда деді. Себебі бетон жолды қаудыраған пенопласт ұстап тұр екен. Енді үгітіліп кетсе басыңмен жауап бересің деп доқ көрсетті. Общм қарап отырмай Шелектің тұсындағы бетонканың күтіміне жауапты болып кеттім», - деп жазды Диас Нұрақын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер