Криштиану Роналду ең көп гол соққан ойыншы атағына ие болды

1441
Adyrna.kz Telegram
фото: Sportbox
фото: Sportbox

Португалия командасының капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналду 30 жасынан кейін ең көп гол соққан ойыншы атанды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде 38 жастағы К.Роналду Словакиямен матчта (3:2) қос голдың авторы атанып, өз командасына жеңіс әперді.

Осылайша, Роналду халықаралық деңгейде өзінің 30 жасынан кейін 73-голын енгізді. Мұндай нәтижеге 192 елден ешкім жетіп көрген емес.

Бұл мемлекеттердің қатарында Германия, Франция, Италия, Англия, Испания, Нидерланд, Швеция, Хорватия, Дания, Уругвай, Колумбия, Чили, Мексика, АҚШ, Мысыр, Гана және басқалар бар.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында J тобында Португалия құрамасы 21 ұпай жинап, көш бастап тұр.

Роберто Мартинестің командасы қазірдің өзінде Еуропа біріншілігіне өтті деуге болады. Өйткені Португалия екінші орыннан төмендемейді. Әр топтан екі үздік құрама жолдама алады.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер