"Қуыршақ кандидат болған жоқпын" - экс-кандидат Салтанат Тұрсынбекова

2123
Adyrna.kz Telegram

Кезектен тыс президент сайлауында кандидат болған Салтанат Тұрсынбекова мәжіліс депутаты болмағанына өкінбейтінін айтты, - деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы.

“Президент сайлауына қатысқан Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден мәжіліс депутаты болып кетті. Өзіңіз депутат болмағаныңызға іштей өкінбедіңіз бе?” деген сұраққа Салтанат Тұрсынбекова жауап берді.

“Жоқ, өкінбедім. Бүгін мен нақты адамдардың құқықтарын қорғайтын өзімнің ішкі принциптарыма сай жерде жұмыс тауып, сол жерде жұмысымды атқарып жатырмын. Жалпы мен президент сайлауына қатысқан кезде “Мен еш жерге барайын деп жатқан жоқпын, адамдардың құқықтарын қалай қорғадым, солай қорғап жүремін” деп айтқан болатынмын. Мен сол принципімде қалдым”, - деді ол.

Сондай-ақ журналистің “Кейбір сарапшылар президент сайлауына қатысқан азаматтарды “Қуыршақ кандидат” деп айтты. Сіз өзіңізді “Қуыршақ кандидат болдым” деп есептемейсіз бе?” деген сұрағына жауап берді. Салтанат Тұрсынбекова өзінің қуыршақ кандидат болмағанын, жалпы президент сайлауы үлкен мүмкіндік екенін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер