Маңғыстау ең жас тұрғындары бар өңір атанды, деп хабарлайды “Адырна” Tengri.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы 10 жылдықта Маңғыстауда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркелген. Облыста 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді.
Сондай-ақ, еліміздегі қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында, онда көрсеткіш - 11,3 және Шымкент қаласындағы көрсеткіш - 11,7 болып отыр.