АСХАТ ҚАСЕНҒАЛИ: Жапония 118 жыл бұрын Ресей империясын тас-талқан етіп, тізерлеткен болатын. 1905 жылы 27-28 мамырда әйгілі Цусима шайқасы болды.

2409
Adyrna.kz Telegram
Жапонияның ержүрек жауынгерлері осыдан тура 118 жыл бұрын Ресей империясын тас-талқан етіп, тізерлеткен болатын. 1905 жылы 27-28 мамырда әйгілі Цусима шайқасы болды. Бұл адамзат тарихындағы ең ірі теңіз шайқастарының бірі саналады. Әрі Ресей империясының ең ірі судағы масқара жеңілісі деп бағаланады.
Ресей империясының бұл шайқастағы шығыны орасан болатын. 209 офицер, 75 кондуктор, 4761 төменгі шенді сарбаздар яғни барлық жиынтығы 5045 адам көз жұмды. 7282 адам тұтқынға түсті, оның ішінде екі адмирал да бар еді. Шайқас алдындағы 38 кеменің 21 суға батты. Оның ішінде 7 броненосец, 3 ірі крейсер, 2 кіші крейсер,1 көмекші крейсер, 5 миноносец, 3 көмекші кеме болды. Жапония 4 броненосец, 1 миноносец, 2 кіші кемені басып алды.
Ал Жапония өз тарапынан 3 кемені жоғалтып, 116 адамы қаза тапты. Осылайша орыс-жапон соғысындағы ең ірі шайқастың бірі Ресей империясы флотының толық күйреуімен аяқталды. Бұл оқиға Ресей империясында патшаға деген халықтың наразылығын күшейтіп, сенімін азайтты.
Банзай Жапония!
Пікірлер