Тоқаев Қытай кәсіпкерлерін Қазақстанда қант өндірісін дамытуға шақырды

3355
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қытаймен  агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мол мүмкіндік барын мәлім етті, деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы.

Сианьда өтіп жатқан инвестициялық дөңгелек үстелде президент Қазақстан әлемде бидай өндіретін ең ірі 10 елдің бірі екенін атап өтті. Қазақстан жылына 5.5 млн тоннаға жуық астық пен 1,5 тоннаға жуық ұн экспорттайды. Алдағы уақытта Қытайға 1 млн тонна бидай жеткізуді көздеп отыр.

Сонымен қатар соңғы бес жылда Қазақстаннан Қытайға экспортталған майлы дақылдар көлемі 3.5 есе, өсімді майы 2 есе артқан.

"Кәсіпкерлеріміз Қытайға сиыр, қой, шошқа, тауық етін жөнелте алады", - деді ол.

Президент алдағы уақытта Қазақстан қантпен өзін толық қамтамасыз етуді жоспарлайтынын атап өтті.

"Сол үшін кешенді жоспар өз қабылданды. Сіздерді Қазақстанда қант өндірісін дамытуға белсенді атсалысуға шақырамын", - деді мемлекет басшысы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер