Санжар Тәшкенбай Ташкентте бокстан әлем чемпионы атанды

3942
Adyrna.kz Telegram

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай жеңімпаз атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта грузиялық Сахил Алахвердобимен алтын жүлдені сарапқа салды.

Бірінші раундта төрешілер түгелдей Санжар Тәшкенбай басым деп тапты. Екінші кезеңде Санжар сол басымдылығын сақтап қалды. Қорытынды есеп – 5:0.

Сөйтіп Санжар Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

2021 жылы Белградта осы салмақта қазақстандық Теміртас Жүсіпов үздік шыққан еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бүгін Ташкентте Санжар Тәшкенбай мен Дулат Бекбауовтың алтынға таласатынын жазған едік.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер