Алматы маңында марафоншы мәреге бірнеше метр қалғанда көз жұмды

2548
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында "Tengri Ultra 2023" марафонының қатысушысы қайтыс болды. Спортшы Руслан Жолдыбаевтың мәреге бірнеше метр қалғанда жүрек талмасы ұстады, деп хабарлайды "Адырна" порталы Tengri Sport-қа сілтеп.

Марафоншының өліміне Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді.

"Tengri ultra 2023 марафонында 15 шақырымдық қашықтықты бағындырған 1982 жылы туған ер адам мәре доғасына бірнеше метр қалғанда талып қалды. Кезекші жедел жәрдем бригадасы дереу жансақтау жұмыстарын бастады. Бірақ, өкінішке қарай, ер адам қайтыс болды. Желіде айтылып жатқан жедел жәрдем 10 минуттан кейін келді деген ақпарат шындыққа жанаспайды, өйткені спорттық шара кезінде жедел жәрдем көлігінің тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етілді», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра, көңіл айтамыз!

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер