Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында бұған дейін реттік нөмірмен айтылып келген 19 көшеге жаңа атау беру мәселесі қарастырылып жатыр. «Ашық» нормативтік құқықтық актілер порталында көшелерге жаңа атау беруге қатысты өңір әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешімі жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Құжатта көрсетілгендей, енді шаһардағы көшелерге мына атаулар беріледі:
- № 1 көшеге – Медеу көшесі (18-ші шағын аудан);
- № 12 көшеге – Жидебай көшесі (20-шы шағын аудан).
Самсоновка ауылы маңындағы көшелерге:
- № 1 көшеге – Арғымақ көшесі;
- № 2 көшеге – Наурыз көшесі;
- № 3 көшеге – Айнакөл көшесі;
- № 4 көшеге – Еділ көшесі;
- № 5 көшеге – Дәстүр көшесі;
- № 6 көшеге – Есіл көшесі;
- № 7 көшеге – Аманат көшесі;
- № 8 көшеге – Жайық көшесі;
- № 9 көшеге – Балдырған көшесі;
- № 10 көшеге – Серпер көшесі;
- № 11 көшеге – Мереке көшесі;
- № 12 көшеге – Көктем көшесі;
- № 13 көшеге – Шарын көшесі;
- № 14 көшеге – Кеген көшесі;
- № 15 көшеге – Келешек көшесі;
- № 16 көшеге – Масаты көшесі;
- № 17 көшеге – Самал көшесі.
Әкімдік пен мәслихаттың бірлескен шешім-жобасы 28 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.
"Адырна" ұлттық порталы