Даниялық футболшы Астанадағы көгалды сынға алды

3616
Adyrna.kz Telegram
Фото: Alex Caparros/Getty Images
Фото: Alex Caparros/Getty Images

Дания құрамасының шабуылшысы Мартин Брайтуэйт 26 наурыз күні даниялықтар Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтын "Астана Аренадағы" жасанды көгалды сынға алды. Бұл туралы  Vesti.kz порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Футболшының айтуынша, жасанды көгал қонақтарға ыңғайсыз. 

"Бұл өте қорқынышты. Жасанды шөпте ойнау заңды болмауы керек. Ол денеге ауыр тиеді және жасанды шөптің үстінде ауысып, жүгіру қиын. Бірақ біз сонда да шығып, жеңіске жетуіміз керек", - деді ол.

Еске салайық, Еуро-2024 іріктеу кезеңінің бастапқы кезеңінде Қазақстан құрамасы Словениядан ұтылып (1:2), Дания құрамасы Финляндияны (3:1) ұтқан болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер