600 млрд теңгеден астам заңсыз активтер мемлекетке қайтарылды - Антикор

2252
Adyrna.kz Telegram

Биыл 600 млрд теңгеден астам заңсыз активтер мен ақшалай қаражат мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылы құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз етті. Олардың ішіне қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді. Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады» делінген хабарламада.

Президенттің тапсырмасы бойынша барлық қайтарылған активтер мектеп құрылысына бағытталатын болады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер