"Осындай жағдай болып қалды" - Шымкенттегі Дүкен иесі дүрбелең үшін кешірім сұрады

2194
Adyrna.kz Telegram
Арнайы акция аясында арзан бағамен спорттық киімдер сатып, қарапайым халықтың азан-қазан дүрбелеңіне жол ашқан дүкен қожайыны қалың көпшіліктен кешірім сұрады. Өз сөзінде кәсіпкер оқиғаның қалай өрбігенін түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол акция жайлы Instagram арқылы хабарландыру жасағандықтан дүкенге өте көп адам жиналып, қонақтардың әсерінен ахуалдың күрделенуіне байланысты учаскелік полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болғанын айтады.

- Акция жайлы құзырлы органды алдын ала хабардар етпегендіктен, осындай жағдай орын алды. Сол үшін өздеріңізден кешірім сұраймын. Алда тағы осындай акция ұйымдастыратын болып жатсам, онда бұл туралы құзырлы органды алдын ала құлағдар ететін боламын, - деді дүкен иесі.

Алдында Шымкент қаласы полиция департаменті арзан бағада спорттық киімдер сатып, акция салдарынан дүрбелең болғаны үшін дүкен қожайынына айыппұл салынатынын айтқан еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер