Израиль Газа секторын атқылауды бастады

3458
Adyrna.kz Telegram

Израильдің қорғаныс армиясы Газа секторына соққы беруді бастағанын айтты. Мұндай әрекеттер радикал топтардың еврей мемлекеті аумағына зымыран атуынан кейін болды, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы.

"IDF қазіргі уақытта Газа секторына шабуыл жасап жатыр", — деп хабарлады Израиль армиясының Twitter парақшасында.

Олар ұшақ арқылы Газа секторының орталық бөлігін атқылағанын,  ондағы жерасты әскери қондырғысына соққы жасағанын түсіндірді. IDF мәліметтері бойынша, бұл құрылымда ХАМАС үшін зымырандар жасалып, өндірілген.

Израильдің Газа секторына жақын оңтүстік аудандарында әуе дабылы естілген.  IDF мұны Палестина радикалдарының Израиль аумағына атқан зымыраны деп айыптады. Алдын ала мәліметтер бойынша, аспан ашық, Әуе қорғанысы жүйесі бейтараптандырылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер