Президенттікке үміткер Нұржан Әлтаев тілшінің сұрағына жауап бермей эфирден шығып кетті

5837
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Президенттікке үміткер Нұржан Әлтаев тікелей эфир кезінде Азаттық тілшісінің  сұрағына жауап бермей студиядан шығып кетті.

Оған Азаттық тілшісі Сәния Тойкеннің сұрағы ұнамай қалды.

“El Tiregi тіркелмеген партиясы, өзіңіз айтқандай оппозициялық бағыттағы партия митингіге шығуға бірнеше мәрте рұқсат алды. Қазақстанның қазіргі жағдайында бұл - сирек берілетін мүмкіндік. Дегенмен, осылай емін-еркін жүруіңізге, митингіге шығуыңызға “тірек болып тұратын ықпалды күштер бар” деген пікір бар”, - деп айтқан еді тілші.

Ашуланған Нұржан Әлтаев “эфирлеріңізге қатыспаймын” деп шығып кетті.

Пікірлер