"Аватар" туындысы қазақ тіліне тәржімаланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың хабарлауынша, қазақша "Аватар" 25 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан республикасының мемлекеттік тіліне туындының "Аватар: Су жолы" бөлімі де аударылған. Министрлік фильмді көрерменге ұсынуды 16 желтоқсанға жоспарлап отыр.
- Бұдан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігі «Интервидео» компаниясымен бірлесіп әлемдік премьерасы алдағы 10 қарашада өтетін MARVEL әлемінің «Қара пантера: мәңгі Ваканда» фильмін де қазақ тіліне дубляждайтынын айта кеткім келеді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды жалғастырып, картиналардың қазақ тіліндегі прокатын көбейте беретін боламыз, - деді министр.